1986 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАННЫҢ ЫЗҒАРЛЫ КҮНДЕРІ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІКТЕР АЙТЫЛДЫ

Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті «Тарих және география» кафедрасының  ұйымдастыруымен Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, Қайрат Рысқұлбековтың музейінде, «Тарих және география» кафедрасының менгерушісі т.ғ.к., доцент Е.Қ. Серікбев, «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультеті деканының Ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі орынбасары, тарих магистрі Ғ.К.Мырзахмет, аға оқытушы, тарих магистрі Р.Т.Сентаева, аға оқытушы, тарих магистрі Н.Л. Ибраимовтың ұйымдастыруымен «Алтын тұғырлы Азаттық» атты іс- шара өтті.

Іс-шараға №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының директоры, Тараз қалалық мәслихатының депутаты, желтоқсан көтерілісінің ардагері Бердалиев Мұрат Әзімханұлы, тарих мамандығының білімгерлері мен мұражай қызметкерлері арнайы шақырылды. М. Ә. Бердалиев - Тәуелсіздік алғаннан бері ерліктің ұраны, елдіктің нышаны – Егемен еліміздің жеткен жетістіктері мен алған асулары жайлы айтып, 1986 жылғы желтоқсанның сол бір ызғарлы күндері туралы естеліктерімен бөлісті.

2

Білімгерлер өте тың шынайы деректердің куәсі болды. «Тарих және география» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент, Желтоқсан көтерілісінің ардагері Е.Қ. Серікбаев - студенттік шақтағы сол бір тарихи оқиғаның 35 жыл бойы жүрек түкпірлерінде сақтаған сол кезеңдердегі тарихи сәттен жүрек мұздатар ащы шындықтары мен естеліктерін айтып берді.

Ағалар естелігі желтоқсан тарихының ащы сыры білімгерлерді де бейжай қалдырмады. Сырлы сұхбат барысында бұған дейін еш жерде айтылмаған тың тарихи деректерге кеңінен қанықты.

Іс-шара соңында қонақтардың қатысуымен Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішіне тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылды.

3

Прочитано 850 раз
Top