МАТЕМАТИКА -- ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІНІҢ ІЗДЕНУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ

Ақпараттық технологиялар факультетінде «Қолданбалы математика және сатистика» кафедрасының ұйымдастыруымен шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен жүздесу мақсатында «Ақжол» газетінің ардагері  Тұрсынхан Толқынбайұлымен  және осы басылымның шолушысы Ақылжан Қорғанбайұлы Мамытпен кездесу өтті. Келер жылы шыға бастағанына 100 жыл толатын  облыстық "Ақ жол" газетінің ардагері Тұрсынхан Толқынбайұлымен және осы басылымның шолушысы Ақылжан Қорғанбайұлы Мамыт "Математика -- шығармашылық мамандық иелерінің іздену дағдыларын дамыту құралы"  тақырыбында әңгіме өрбітіп, құнды мәлімметтер беріп, математика мен шығармашылық мамандықтарының байланысын көрсетіп, дәлелдер келтіріп,  ерекшеліктерін атап өтті.

Тұрсынхан Толқынбайұлы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен ,  Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен,  Қазақстан Журналистер Одағының Құрмет  грамотасымен  және Дипломымен ,  Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен  және екі дүркін Жамбыл облыстық мәслихатының Грамотасымен ,  облыстық ардагерлер кеңесінің Құрмет грамотасымен  және « Жамбыл облыстық ардагерлер  ұйымына 30 жыл» мерекелік медалімен, «Жамбыл облысының Құрметті ардагері» атағымен марапатталған. Аса ірі мемлекет және қоғам  қайраткері Д.А.Қонаевты насихаттаудағы еңбегі үшін «Д.А.Қонаев 105 жыл» медалін алған.Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №261 өкімі бойынша «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі берілген. «Рухани Жаңғыру» Ұлт жоспары шеңберінде Дулат баба тарихын зерттеуде сіңірген еңбегі үшін «Мұхаммед Хайдар Дулати» медалімен марапатталған.

WhatsApp Image 2021 12 14 at 12.47.04

Ақылжан Қорғанбайұлы Мамыт   "Ақ жол" газетінің шолушысы. Жуалы ауданының Талапты ауылында  дүниеге келген. Осы  ауданның  "Жаңа өмір" газетінде  істеген. 1995 жылдан "Ақ жол" газетінде істейді.Алғаш меншікті тілші, кейін бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болды. Қазір шолушы. "Өнеге өрісі", "Айтылмаған алғыс"  деген кітаптары шыққан.

Кездесудің  басты мақсаты зиялы қауым өкілдерінің  шығармашылығымен таныстыра отырып,  студенттердің бойында рухани-адамгершілік қасиет пен  туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, қажырлы адал еңбек пен маңдай тердің арқасында жақсы маман иесі бола алатынын түсіндіру  болды.

«Қолданбалы математика және статистика»  кафедрасының аға кураторы Егемберді Ш.Қ.

Прочитано 851 раз
Top