БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық қолдауымен, 09.02.2021 жылғы №5-18-2/482-И хатының негізінде, "Bilim-orkenieti" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығымен және "Bilim-orkenieti" Қазақстан педагогтерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау республикалық орталығымен бірлесіп, 2021 жылғы 7 желтоқсанда Нұр - сұлтан қаласы, Министрлер үйінде "Тәуелсіздіктің мұрагерлері" халықаралық ғылыми - практикалық конференциясы өтті.

Президент Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген конференция аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Жылдың үздік студенті" және "Қазақстанның үздік магистрі" республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, оған М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Технологиялық факультетінің "Қолданбалы биология" кафедрасының студенттері: Байрамова Захра Руслановна, Тусупова Жамиля Бахтияровна, сондай-ақ оқытушы, магистр Голикова Ксения Николаевна қатысты.

Технологиялық факультеттің "Қолданбалы биология" кафедрасының оқытушысы Голикова Ксения Николаевна "Қазақстанның үздік магистрі" республикалық байқауына қатысып, I-дәрежелі дипломмен, сондай-ақ Білім және ғылым саласындағы жетістіктері үшін "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК МАГИСТРІ" төсбелгісімен марапатталды.

Сондай-ақ республикалық байқаудың "Жылдың үздік студенті" номинациясында 6В05112–21/2 ЖБ тобының бірінші курс студенті Байрамова Захра Руслановна және 6В05111–20/2 МБІ тобының екінші курс студенті Тусупова Жамиля Бахтияровна марапатталды. Студенттерімізге салтанатты түрде I-дәрежелі дипломы және «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ!» төсбелгісі табыс етілді.

Жеңімпаздарға куәлік және ғылымның түрлі салаларындағы, оқу үдерісіндегі және жалпы жетістіктері басылып шығарылған кітап жинағы сыйға тартылды.

Конференция соңында жүлделі орындарға қатысушылар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайына экскурсияға жіберілді!

 

1.1.1 1
2.2.2 2
3.3.3 3

 

Прочитано 832 раз
Top