УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМЫНЫҢ ЖОБАСЫ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты жариялаған үздік жобалар байқауында Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті «Әлеуметтік психология» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Рысты Керимбаеваның жобасы үздік деп танылды. Жоба «Үздік жобалар жинағына» еніп, министрлік сайтына қойылды. Автордың «Денсаулық әлемі» үздік жобасы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі идеяларын білім беру үрдісіне енгізілген инновациялық жұмысы.

Прочитано 766 раз
Top