МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛУ (МАГИСТРАТУРА)

Магистратураға білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 10 желтоқсанда басталып, 14 желтоқсанға дейін жалғасады. Өтінімдер жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы қабылданады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75, бейінді магистратураға түсу үшін 50 балды құрайды.

Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсушілер білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсетеді. Магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы биыл 15-22 желтоқсан аралығында, оқуға қабылдау 2021 жылғы 26 желтоқсан мен 2022 жылғы 10 қаңтар аралығында өтеді.

Толық ақпарат testcenter.kz сайтында

Прочитано 1357 раз
Top