ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жанынан ашылған «eGov mobile жүйесін қолдану және насихаттау» бойынша студенттерге қызмет көрсету орталығының ашық есік күні өтті. Шараға «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның омбудсмені Майра Айсина арнайы қатысты.

Іс-шара барысында Дулати университетінің «Демеу» қызмет көрсету орталығында қызметкерлер мен білім алушыларға eGov mobile жүйесін қолдануды насихаттау жұмыстары таныстырылды. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында даярланған цифрлы жобалармен Qazalipbi.kz онлайн бағдарламасы, «Жамбыл облысының этникалық топтарының интерактивті тарихи картасын құру» жобасы, «7QYR» мобильді қосымшасы, «Қазақ шаңырағы» интеллектуалды ойыны, «Балақай» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған интерактивті-танымдық ойындар, «Жамбыл облысындағы ортағасырлық қалалар» интерактивті картасы, «Білім құдығы» және оқу үрдісін қолдауға бағытталған кітапханалық-ақпараттық ресурстармен танысты.

3

Жаңа технологиялардың дамыған  заманында көштен қалмай, бәсекеге қабілетті болу және цифрлы қоғам қалыптастыру, цифрлік технологияларды сенімді, тиімді қолдану мақсатында өткен іс-шарада Дулати университеті Тараз тарихи және смарт қаласына («Taraz — history & smart city») айналуы туралы, студенттер мен волонтерлардың челленджі «Үйде отырып демал, еGov  арқылы қызмет ал» челленджін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінен қабыл алып, Абай атындағы Қазақ ұлттық университетіне жолдады.

4

Сонымен қатар, іс-шара аясында университетте болашақ мамандардың сыни ойлауын дамыту, оқу және өздігінен білім алу қызметін ұйымдастыру үшін дайындалған бейнедәрістерге  шолу жасап, профессорлар-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерге  слаид арқылы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен eGov және eGov mobile арқылы қызмет алуды үйрету семинары өтті.

Іс-шара соңында Майра Айсина университет музейіне келді.

2

5

6

Прочитано 1215 раз
Top