АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ОЛИМПИАДА

«Практикалық шетел тілдері» кафедрасы жыл сайын тілдік емес мамандықтардың студенттері үшін ағылшын тілінен олимпиада өткізеді. Жыл сайын олимпиаданы ұйымдастырушылар олимпиада барысында жаңалықтар енгізуге тырысады. Олимпиаданың алғашқы 2 турын (лексика-грамматикалық тест; оқу және тыңдау) google forms арқылы қашықтықтан өткізу Университет оқу үдерісін цифрландыру курсын әлдеқашан ұстанғандықтан ғана емес, сонымен қатар студенттерге ыңғайлы және қолжетімді болған соң дәстүрге айналды. Соңғы 3 тур жаңа әдіспен өткізілді: дайындалған сөйлеу және дайындықсыз сөйлеу форматында.

Бірінші бөлімде студенттерге 5 тақырып ұсынылды, студенттер 1 тақырыпты таңдап, постер дайындап, қорғап шықты. Тақырыптар өзекті және әртүрлі болды - Сән және оның шынайы құндылығы, Экология, Қайта өңдеу, Қазіргі өмірдегі әлеуметтік желілер, Болашақ университеті. Бағалау критерийлерінің бірі сөйлеу дағдысынан басқа (сөйлеудің еркіндігі мен дұрыстығы), постерлердің безендірілуі мен мазмұнына шығармашылық көзқарас болды. Дайындықсыз сөйлеу бөлімінде қанатты сөздер мен мәлімдемелер қолданылды.

IMG 20211203 WA0038

Олимпиадаға барлық тілдік емес мамандықтар бойынша 1 курстың 33 студенті қатысты. Бірінші турдан кейін 12 қатысушы жарыс сапында қалды. 12 қатысушының арасынан 7 студент финалға шықты.

Бірінші орын үш турдың тапсырмаларын өте жақсы орындаған Технология факультетінің студенті Талипова Камиляға бұйырды. Екінші орынды Ақпараттық технологиялар факультетінің студенті Жаманғараев Темірлан иеленді. Үшінші орынды Насырова Василя (Технология факультеті) мен Бегайдаров Санжар (Су шаруашылығы және табиғатты қорғау институты) бөлісті.

Соңғы Сөйлеу турының қазылар алқасы ретінде Fulbright стипендиясының иегері Джошуа Тилтон шақырылды, ол біздің университетте биылғы жылдың басынан бері жұмыс жасауда. Джошуа Тилтон 3-ші турға қатысқан студенттердің жақсы білім деңгейін атап өтті, сонымен қатар постер презентациясы басысында аудиториямен көз, іс-қимыл, дауыс интонациясы арқылы жұмыс жасағаның, таңдаған тақырыптарын аша білгендерін бегілеп өтті.

IMG 20211203 WA0040

Студенттер өз кезегінде олимпиададан алған әсерлерімен бөлісті, олар олимпиада стандартты түрде емес ұйымдастырылғаның, тапсырмалардың қызықты және танымды болғаның атап өтті.

Факультет деканы Ж.Т. Мамырханова жеңімпаздарды құттықтап, сертификаттар мен естелік сыйлықтарды салтанатты түрде табыс етті.

Олимпиада ұйымдастырушылары:

  1. п.ғ.к, доц. Новожилова М.В.
  2. аға оқытушы Лошкова И.Г.
  3. аға оқытушы Грибенюк М.А.
  4. аға оқытушы Нұржанова А.Р.
Прочитано 947 раз
Top