ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ, ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕЙДІ

Дулати университетінде ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Еділ Үртайұлы Әшімов атындағы «Сәулеттік жобалау» аудиториясы ашылды.

Ақыл-ойын сарп етіп, бар күш-қайратын мамандар дайындауға, ғылымға жұмсап, еңбек еткеннен кейін оның бағаланғаны да орынды. Бүгінгі аудиторияның ашылуы Еділ Үртайұлы отандық ғылымға және қоғамдық өмірге қосқан зор үлесіне деген құрметтің айқын көрінісі.

2

Ғылыми шараға университеттің оқытушы-профессорлары, докторанттар мен магистранттар, ғалымның шәкірттері мен жары, туған-туысқандары қатысты.

Шара барысында университеттің Зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Д.Ы.Нұрмұханбет пен ғалымның жары Марита Болысбекқызы аудиторияның лентасын қиып, тұсаукесер рәсімін жасады.

3

 Ғалымның құрметіне арналған шараны Зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Д.Ы.Нұрмұханбет университет ректоры Т.І. Ешенқұловтың құттықтауымен ашып, профессор Еділ Әшімовтың еңбек жолына тоқталды.

Ғалымның құрметіне арнайы ашылып отырған дәріс залы болашақта өскелең ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын туғызып, шәкірттеріне үлгі-өнеге боларына сеніміміз мол. Отандық ғылымға өзіндік үлесін қосқан профессор Еділ Үртайұлы Әшімовтың ғылыми еңбектері мен игі істері студент-жастарымызға бай мұра болары сөзсіз.

5

4

Прочитано 1208 раз
Top