Дулати университетінде академик, техника ғылымдарының докторы, профессор Марс Үркімбаев атындағы дәстүрлі «VI Үркімбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шараға Жамбыл облыстық мәлихатының хатшысы Махметғали Сарыбеков, университет ректоры Талғат Ешенқұлов, Португалияның Браганса политехникалық институтының профессорлары Руи Педро пен Мескита Гомез, АҚШ Батыс-Мичиган университетінен Сагин Жанай, университеттің профессор-оқытушылық құрамы, сонымен қатар, Ресей, Литва, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан ғалымдары онлайн қатысты.
Конференция аясында қатысушылар Марс Фазылұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, академикке арналған фотокөрме, университеттің жетістіктері мен кітапхана көрмесі ұйымдастырылып, өмірбаяны туралы фильм көрсетілді.
Сондай-ақ, пленарлық мәжілісте 9 баяндама, форум аясында: «Энергия тапшылығы және оны шешу жолдары» - 28 (Ресей, Литва, Украина), «Климаттың өзгеруіне бейімделе отырып, су ресурстарын тиімді бірлесіп басқару және пайдалану» - 34, секциялар аясында: Ақпараттық жүйелер және робототехника - 22, Экономика және құқық – 45, Жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар - 80 баяндама тыңдалы.