ЕРДІҢ ЖАСЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институты «Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының меңгерушісі экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Ахметов Ерғали Сейлбекұлы елу жасқа толып отыр.

Ахметов Ерғали Сейілбекұлы 1971 жылы желтоқсан айында Оңтүстік-Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Асық-Ата кентінде дүниеге келді. Абай атындағы орта мектебін 1989 жылы үздік аяқтаған.

1990 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтының «Жерге орналастыру» мамандығына оқуға түсті. Институт қабырғасында қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, топ белсендісі, факультет комсомол ұйымының төрағасы болды. 1995 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауылшаруашылық институтын бітіріп, «инженер - жерге орналастырушы» біліктілігін алды.

1995 жылдан бастап Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институты (қазіргі М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті), «Гидромелиоративтік жұмыстарды ұйымдастыру және технологиясы» кафедрадасында стажер-ізденуші, оқытушы, аға оқытушы, 2002 жылдың қыркүйек айынан «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» факультетінің тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары.

1999-2002 жылдары аралығында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ аспирантурасында оқыды. 2006 жылы «Рациональное и эффективное использование земельных ресурсов в аграрных формированиях» тақырыбында диссертациялық жұмысын сәтті қорғап, 2007 жылы 30 мамырдағы шешімімен экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі, ал 2010 жылы экономика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.

2008 жылдан бастап «Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының меңгерушісі.

Ерғали Сейлбекұлы жастардың қоғамдық қызметін жандандыру, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, рухани, интелектуалды дамуына ықпал етуге қажетті жағдай жасау және өмірлік көзқарасы бар тәрбиелі де саналы азамат ретінде дамуына ықпал етуде. Ол өз ұжымымен бірлесе отырып,студенттердің жетістікке жетуіне, спортта, шығармашылық, әлеуметтік салада белсенділігін арттыруына, салауатты өмір салтын насихаттау, дарынды жастарды іріктеп, оларға қолдау көрсетуде.

9 оқу-құралы мен 3 монографияның авторы және 76 ғылыми мақалалары алыс-жақын шет елдерде, республикамыздағы министрліктің бақылау комитеті ұсынылған басылымдарынан шыққан және 11 магистрлік диссертацияларға жетекшілік жасады.

«Жерге орналастыру және кадастр» мамандықтары бойынша Қазақстан Републикасының жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, оқу-әдістемелік кешендерді дайындауға қатысып, жетекшілік жасауда. Республика деңгейінде «Жерге орналастыру» және «Кадастр» мамандықтары бойынша оқу-әдістеме бірлестігінің мүшесі, институт, университет, қала, облыс деңгейінде қоғамдық іс-шараларына белсене қатысып, университет, қала және облыс әкімшілігі тарапынан бірнеше рет алғыс хаттармен марапатталды. 2020 жылы Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны “Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор”, “Құрметті картограф” төс белгісімен марапатталды.

2002 жылдан бастап қалалық сайлау учаскесінің төрағасы қызметін атқарып келе жатыр, ҚР білім және ғылым министрлі комиссиясы құрамында жоғары оқу орындарында мемлекеттік аттестациялау және халықаралық тәуелсіз аккредитациялау агенттігі комиссиясының жұмыстарын атқаруда.

Ерғали Сейлбекұлы отбасында жолдасы «Биология» кафедрасының аға оқытушысы Қуандықова Гулчехрамен үлгілі 4 ұл бала тәрбиелеп өсіруде.

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Ерғали Сейілбекұлына ғылымның биік шыңдарына талмай өрлей беруіне және болашақта білімді де тәжірибелі ғалым-мамандарды дайындай беруіңізге тілектеспіз.

Прочитано 897 раз
Top