АШЫҚ ДИАЛОГ

Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Елдіктің 7 тұғыры» атты жастарға арналған үндеуі бойынша ашық диалог өтті.

Аталған іс-шараға Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев, М.Х.Дулати атындағы өңірлік университетінің ректоры Талғат Ешенқұлов, Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Махметғали Сарыбеков, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек, Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Алмаз Садубаев, унверситет профессор оқытушы құрамы, студент-жастар қатысты.

2

Ашық диалогта Елбасының «Елдіктің 7 тұғыры» атты жастарға арналған үндеуі жан-жақты айтыла келіп, бұл мәселелерді сонау алғаш Президент болған күннен бастап үнемі көтеріп келгендігі сөз болды.

Сонымен қатар, іс-шарада әр адам рухани жаңғыруды өзінен бастау керектігі, балаға шыр етіп дүниеге келген күннен бастап дұрыс тәрбие беріп, ана тілін үйретіп, ұлттық құндылықтарымызды санасына сіңдіруіміз керектігі, табыстың кілті үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуде екендігі, ұлттық мәдениет, бірлік пен келісім - халықтың рухани тірегі екендігі жайында өзекті мәселелер қамтылды.

4

Іс-шараның мақсаты - тәуелсіздік, бірлік пен келісім, қасиетті жер, отбасы мен салт-дәстүр, ұлт мәдениеті, білім мен еңбек, прагматизм бағытындағы «Елдіктің жеті тұғырын» тиянақтау мен тұлғаландыру және жаңа буынға аманат ету, елін жерін сүйетін, бірлікті ту ететін, мәдениетті және оқыған намысты, жауапты азаматтарды қалыптастыру.

5

Осы құндылықтарды бойына сіңіру арқылы әрбір жастың жетістікке жетуі мен қоғамға пайдалы адам болуына, қоғамның белсенді мүшесі ретінде өмірлік ұстанымдарының қалыптасуына ықпал ету.

Сонымен қатар, бұл іс-шарада Жамбыл облысының 1991 жылдан бері даму тарихы туралы көпсериялы бейнеролик көрсетілді.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушы-профессорлары және студенттері (инклюзивті) марапатталып, студенттерге «Нұр Отан» партиясының билеттері табысталды.

Ашық диалог аясында М.Х.Дулати университетінің жастары ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жария еткен «Елдіктің 7 тұғыры» қағидаттары бойынша Қазақстан жастарына үндеу жариялап, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студент-жастарына челлендж жолдады.

6

8

9

10

Прочитано 925 раз
Top