ҚОС ДИПЛОМДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ БІРЛЕСКЕН ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ДАМЫТУ

Халқаралық ынтымақтастық және қос дипломдық білім беру жүйесін нығайту мақсатында  М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне шықырылған Браганса политехникалық институтының профессоры  Санчес де Кастро Лопес Руи Педро қатысуымен  22.11.2021 күні сағат 15.00 де Ақпараттық технологиялар факультетінің оқытушы-профессорлық құрамы,  магистранттар, студенттердің қатысуымен семинар өткізілді. Семинардың басты мақсаты қос дипломдық білім беру жүйесін нығайту. «Ақпраттық  жүйелер» кафедрасының «Корпоративтік ақпараттық жүйелер мен технологиялар» мамандығының 2 курс магистранты Губарева Регина қос дипломдық білім беру жүйесімен Браганса политехникалық институтында білім алуда. Кәзіргі кезде профессор  Санчес де Кастро Лопес Руи Педро (Политехникалық институт Браганса (Португалия))  және п.ғ.к.,  доцент Тунгатарова А.Т. (М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті) жетекшіліктерімен «Қалалық қозғалыс деректерінен уақытша үлгілерді алу» ғылыми жұмысын жазуда.

3

Семинарда профессор  Санчес де Кастро Лопес Руи Педро «IPB-дегі зерттеу құрылымы» тақырыбын толығымен баяндады. Факультеттің ғылыми жұмыстар жөніндегі деканның орынбасары Абдувалова Айнұр Джумабаевна  Ақпараттық технологиялар факультетіндегі ғылыми жұмыстың жағдайы тұралы мәлімет беріп,  болашата ары қарай Қос дипломдық білім беру және бірлескен ғылыми зерттеу бағдарламаларын дамыту жоспарымен таныстырды.

2

«Ақпраттық  жүйелер» кафедрасының 2 курс магистранты Саржанова Айгерим  Валихановна «Кәсіптік бағдар беру жұмысына анықтамалық қосымшаны әзірлеу» атты магістірлік жұмысы бойынша семинарға қатысты.

4

Прочитано 980 раз
Top