ДӘСТҮРЛЕР МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАР ОНЛАЙН-ОФФЛАЙН ФОРМАТТА СЕМИНАР

Филология және журналистика кафедрасының «Дарын» студенттік ғылым үйірмесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Жаһандану кезеңіндегі қазақ тіл білімі мен қазақ әдебиеттануы: дәстүрлер мен тенденциялар» тақырыбында республикалық деңгейде онлайн-оффлайн форматта семинар ұйымдастырмақшы. Семинарда жаһандану кезеңіндегі мемлекеттік тілдің ахуалы, заманауи қазақ тіл білімінде қалыптасқан проблемалар, қалыптасқан дәстүрлер мен жаңа тенденциялар, оны шешу жолдары, қазақ тілін оқытудың жаңа бағыттары, терминология мәселесі қарастырылады, сонымен қатар әдебиеттану бойынша отандық және әлемдік әдебиеттанудың даму бағыттары мен тенденциялары, тәуелсіз қазақ әдебиеті, балалар әдебиеті, әдебиеттегі аударма мәселесі мен оны оқыту әдістері жайлы сөз қозғалады.

Қазіргі қазақ тіл білімі мен әдебиеттану мәселесі бойынша өз ойыңызбен бөліскіңіз келсе, бізге қосылыңыз!

Прочитано 1563 раз
Top