ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕФЕКТОЛОГ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Дулати университеті «Ұстаз» институты «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Гүлмира Оралқызының ұйымдастыруымен «Халықаралық студенттер күні» және «Халықаралық дефектологтар» күніне орай, «Мамандығым-мақтанышым» атты іс шара өтті.

Іс-шараның мақсаты - жаңа оқу жылында қабылданған 1-курс студенттерін «Студенттер қатарына» қабылдап, мамандықтың қыр-сырын ашып көрсету.

1

Кафедраның дәстүрлі іс-шарасына Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімінің психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-ң меңгерушісі Ұлмира Садырова және логопед Ұлбала Байкеева қатысып, түзету кабинетінің жұмыс түрлерімен таныстырды.

Іс-шара соңында кафедра меңгерушісі Гаухар Санай 1-курс студенттеріне оқуда сәттілік тілеп, сонымен қатар, университетіміздің абыройын асқақтатар жас маман ретінде жоғары білім алуларына тілектес екенін айтып, арнайы «Логопед» төсбелгілерімен марапаттады.

2

Прочитано 1832 раз
Top