ПРОФЕССОР МЕСКИТА ГОМЕЗ КРИСТИНА МАРИЯ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытушылық қызметке тарту үшін шетелдік ғалымдардың санын бөлу жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2021 жылғы 19 шілдедегі №349 бұйрығын іске асыру мақсатымен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Браганса политехникалық институтынан (Португалия) профессор Мескита Гомез Кристина Мария шақырды. Профессор Мескита Гомез Кристина Мария «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының профессор-оқытушылық құрамы мен 6В01301–«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және 6В01201–«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандарын даярлау» білім беру бағдарламаласының студенттеріне арнап 2021 жылғы 9 қараша мен 5 желтоқсан аралығында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру саласындағы зерттеу тенденциялары» тақырыбында дәріс, семинар мен шебер-сыныптар өткізуді жоспарлап отыр.

2

10-қарашада кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен кездесу аясында профессор Мескита Гомез Кристина Мария жоғарыда аталған тақырыбы бойынша өзінің ғылыми зерттеулерімен таныстырды. Сонымен қатар, Португалия мемлекетінің білім, ғылым және тәрбие саласының ерекшеліктері мен құрылымы туралы түсіндіріп өтті. Профессор 16-қарашада студенттерге арнап «Португалия мемлекетінің мектепке дейінгі білім беру жүйесі» тақырыбында өткізген дәрісінде өзекті мәселелерді қозғады. Студенттер қызықтырған сұрақтарына ұтымды жауаптар алды.

Сонымен қатар, университеттің академиялық ұтқырлық бойынша тағылымдамадан өту, бағдарламаны дамыту, ынтымақтастық шарттары мен халықаралық конференцияны ұйымдастыру талқыланды.

Прочитано 927 раз
Top