ТҮРКИЯЛЫҚ ПРОФЕССОР ЛЕКЦИЯЛЫҚ САБАҚТАР ЖҮРГІЗУДЕ

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2021 жылғы 19-шілдедегі №349 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытушылық қызметке тарту үшін шетелдік ғалымдар санын бөлу жоспарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне шақыртылған ғалым – Ақдениз университетінің (Түркия мемлекеті) профессоры Арда Арикан «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасына бір ай бойы лекциялық, семинар сабақтарын жүргізуге келді. Арда аталған кафедраның ПОҚ-н танысып, дөңелек үстелдер ұйымдастырып, оқытушылармен пікір алмасты.

DSC 6497

Профессормен бірлесе отырып, кафедра оқытушылары семинар-тренингтер, ғылыми мақалалар жазып, әдістемелік семинарда 6В02312-Филология:ағылшын филологиясы және 6В02313-Аударма ісі – білім беру бағдарламалары бойынша оқу бағдарламаларының ерекшеліктері, бағалау жүйесе бойынша тәжірибелер алмасты. Тәжірибе барысында профессор аталған бағдарламалар бойынша Елтану, Шетел халықтарының әдебиеті, Тілі оқылатын елдің әдебиеті, Лексикология, Стилистика сияқты пәндерден дәрістер жүргізді. Студенттер де көптеген пікір алмасу сабақтарына қатысты.
Сонымен қатар университеттің алдағы ғылыми жобалардағы, халықаралық конференцияны ұйымдастырудағы ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамыту, Түркия елінде тағылымдамадан өту шарттары да талқыланды.

DSC 6474

Прочитано 919 раз
Top