Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін әлемдік деңгейде жаңғыртуда М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Ресейдің Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің инновациялық ынтымақтастық серіктестігі негізінде қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың әдіснамалық, технологиялық және әдістемелік аспектілерін айқындау, жүзеге асырудың тиімді жолдарын анықтау, әдістемесін жасау қажеттілігі туындауда.
Осы мақсатта AP09259497 «Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері» ғылыми жоба аясында (Жоба жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бузаубакова Клара Джайдарбековна мен Ресейдің Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Дзиов Артур Русланович) М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің арасында өзара ынтымақтастық туралы келісім шарт жасасты.
Ресейдің Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінде ғылыми жоба аясында www.smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталының тұсаукесері жасалынды.
Тұсаукесерге М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бузаубакова Клара Джайдарбековна, «Білім берудегі шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрманалиева Ұлтай Тілегенқызы, Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Дзиов Артур Русланович, ғылыми және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректор, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Скоробогатова Наталья Владимировна және Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің болашақ педагогтері мен белді ғалымдары қатысты.
Ресейде www.smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталының тұсаукесерін Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің ғылыми және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректор, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Скоробогатова Наталья Владимировна жасады.
Жоба жетекшісі «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Бузаубакова Клара Джайдарбековна www.smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталының ерекшеліктерімен таныстырды.
Коррекциялық педагогика және психология кафедрасының профессоры Филютина Татьяна Николаявна педагогикалық білім беру порталының болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастыруда қосар үлесі зор болатындығын ерекше тербеліспен айтып, ризашылығын білдірді.
Дулати университетінің өкілдері Ресейлік білім ордасында қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері аясында ғылыми тағылымдамадан өтті.
Жоба жетекшісі п.ғ.д., профессор Бузаубакова Клара Джайдарбековна Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің болашақ педагогтерімен «SMART-болашақ педагог – ОЛ кім?» тақырыбына педагогикалық тренинг өткізді.
Педагогикалық тренинг барысында болашақ педагогтер SMART-болашақ педагогтің келбетін ашып, болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша өз ой-тұжырымдарымен бөлісті.
Сондай-ақ, Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің болашақ педагогтері «SMART- болашақ педагог» онлайн тест және онлайн-сауалнамадан өтіп, өзінің цифрлы-құзыреттіліктерін сынады.
Болашақта Қазақстандық болашақ педагогтердің цифрлы-құзыреттіліктері Ресейлік болашақ педагогтердің цифрлы-құзыреттіліктерімен салыстырылып, SWOT-талдау жасалынады.
AP09259497 ғылыми жоба аясында Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінде «SMART- болашақ педагог» онлайн-кафедра ашуға университеттің ғылыми кеңесінің шешімі шығарылды және онлайн-кафедраны «Мектепке дейінгі және әлеуметтік білім беру» кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Пономарева Людмила Ивановна басқаратын болды.
Тұсаукесері Ресейден бастау алған www.smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталы болашақ педагогтердің цифрлы-құзыреттілігін қалыптастырумен қатар Ресей ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдардың ғылыми -зерттеу жұмыстары бойынша өзара ынтымақтастық байланысқа кеңінен жол ашты.
Клара БУЗАУБАКОВА
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Педагогика » кафедрасының меңгерушісі,
п.ғ.д., профессор, Жоба жетекшісі