ГЕРМАНИЯЛЫҚ ПРОФЕССОРЛАР ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

Университетке 29 қазан мен 6 қараша аралығында Хайльбронн қолданбалы ғылымдар университетінің (Германия) профессорлары Ежи Яворски және Александер Йессер шақыртылды.

3

Ғалымдардың келу мақсаты екі университет арасындағы ынтымақтастықты дамыту, келісім шартқа қол қою, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын талқылау, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттерін Германия Республикасының кәсіпорындарында тағылымдамадан өту мүмкіндіктерімен таныстыру.

5

Ежи Яворски «Туристік бизнес» білім беру бағдарламасының студенттеріне бір апта бойы «Іскерлік туризм» пәні бойынша дәріс оқыды. Александер Йессер  «Электроэнергетика», «Машина жасау», «Ақпараттық жүйелер» кафедраларының оқытушыларының қатысуымен «Сигналдар мен жүйелер теориясының негіздері» атты семинар өткізіп, дәрістер оқыды.  Семинарлар барысында қатысушыларға сертификаттар табысталды. 

4

7

6

Прочитано 878 раз
Top