МҰРАТБЕК ҚАСЕНОВТЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Дулати университетінде атақты ғалым, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, экономика ғылымының докторы, профессор, Тараз қаласының құрметті азаматы, Мұратбек Рахметбайұлы Қасеновтың 80 жылдығына орай «Аймақтық экономиканың бәсекеге қабілеттілік мәселелері: теория және практика» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

3

Конференцияға Дулати университетінің зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Данияр Нұрмұханбет, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ануарбек Айменов, техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдіманап Әбдіраманов, сондай-ақ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық зерттеулер техникалық университетінің және т.б. ғалымдар қатысты.

4

Іс-шара барысында Мұратбек Қасенов атындағы кабинет ашылды.

2

5

Прочитано 887 раз
Top