IT МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Дулати университетінің студенттері Цифрлық технологиялар басқармасы, «AstanaHub» КҚ өкілдері және жергілікті IT мамандарымен кездесті.

Іс-шара барысында студенттер IT-стартаптар халықаралық технопаркі «AstanaHub» корпоративтік қорының қызметімен танысты.
Компания өкілі Б.Қазанғаповтың айтуынша, «AstanaHub» IT-кәсіпкерлікті дәріптеу, таланттарды тарту, сондай-ақ, оларды одан әрі оқыту және IT-стартаптарды қолдау бойынша үлкен жұмыстар жүргізуде.

WhatsApp Image 2021 11 05 at 21.13.41

Еске салайық, Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы әріптестік қатынас орнату және IT факультеттерін IT компанияларға қамқорлыққа беру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған.

WhatsApp Image 2021 11 05 at 21.12.47

Прочитано 1136 раз
Top