ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Еңселі еліміздің тәуелсіздік таңын атырғанына биыл тура 30 жыл толады. Бұл - жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізе отырып, арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басатын мезет. Артқа тастаған 30 жылдықтың әр жылы өзіндік миссияны атқарып, ел игілігіне бағытталған ғасыр жүгін арқалап тұрғаны белгілі. Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегеленіп, мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі және түсінуі керек.

Осы мақсатта М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде студенттермен «Тәуелсіз еліміздің жетістіктері» атты кездесу өтті. ХХІ ғасыр - білім мен біліктің дәуірі. Сондықтан, кездесу барысында студенттерге өзін үнемі жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелестік қабілетін арттыра алатындары түсіндірілді.

WhatsApp Image 2021 11 05 at 18.55.55

Жастар - қашанда тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші. Сондықтан, өскелең ұрпақтың осындай әлеуетін кемел халық болу жолына бағыттап, тиімді пайдалануда осы сынды кездесулердің маңызы зор.
Сондай-ақ, білімгерлер тәуелсіз ел болу, оны жариялаумен және мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейтінін, тәуелсіздік үшін күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасатынын ұғына алды.

Прочитано 883 раз
Top