Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясын жалғастыруда.
Оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған игі іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы Режеп Баярисов, Тараз қаласы білім бөлімінің «№19 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Мария Айтбекова, Тараз қаласы білім бөлімінің «Төле би атындағы №8 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Әлішер Әзімбай қатысып, жеке мұрағаттарындағы кітаптарын кітапхана қорына тарту етті.
Сондай-ақ, іс-шарада кітапхана қонақтары интернеттің дамыған дәуірі билік құрып тұрса да, кітап өз құндылығын жоғалтпайтынын, білімнің бәрі – кітапта екендігін тілге тиек ете отырып, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.
Ал, ұйымдастырушылар акция қатысушыларына дәстүрлі түрде «Кітапхананың құрметті оқырманы» лентасын табыстады. Акция нәтижесінде кітапхана қоры түрлі жанрдағы 47 дана кітаппен толықты.