Бүгін Дулати университеті «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен «Халық Қаһарманы» генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевпен кездесу өтті.

Кездесу барысында ректор Талғат Ешенқұлов университеттің даму стратегиясымен таныстырды.

Сонымен қатар, университеттің оқу ғимаратында Бақытжан Ертаев атындағы оқу кабинеті ашылды.

Іс-шара соңында Бақытжан Ертаев университетіміздің бірқатар қызметкерлерін САУАП төсбелгісімен марапаттап, құрмет көрсетті.


