ҚҰТТЫ БОЛСЫН 70 ЖАСЫҢЫЗ

Құрметті Мухтар Шардарбекович!

Сізді 70 жасқа толған мерейлі тойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, жүрекжарды жылы лебіздерімізді жолдаймыз! Сіз ғылым және білім беру саласында көп жылдар бойы өнегелі еңбек етіп, тындырымды істер атқарып келесіз. Әріптестеріңізге осы бір маңызды саланың қыр-сырын үйретуден жалыққан емессіз.

Бүгінде ұжымымыз Сізді үлкен абырой - беделге ие болған тәжірибелі, үздік маман ретінде құрмет тұтып сыйлайды. Денсаулығыңыз мықты, жүзіңіз жарқын, ғұмырыңыз ұзақ та мағыналы болсын деген ізгі ниетпен Сізге бақыттың баяндысын, дәулет - ырыстың Сыр суындай сарқылмасын, табыс-тартулардың тау суындай таусылмасын дейміз. Әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!

Құтты болсын 70 жасыңыз,
Сексеннің де сеңгірігінен асыңыз.
Қуат алып, денсаулықтың нәрінен,
Жүзіп өтіп жүзге аяқ басыңыз!
Тілек еттік шын жүректен бәріміз
Мықты болып ұзақ өмір сүріңіз!

«Автоматтандыру және телекоммуникация»
кафедрасы ұжымы

Прочитано 1174 раз
Top