«КӨПЭТНОСТЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУДЕГІ ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР МЕН АЗАМАТТЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫҢ РӨЛІ»

Қазақстан халқы жаһандану мен қоғамдық өзгерістер дәуірінде  этносаяси мәселелерді түсінудің алуан түрлі қадамдарын бастан өткізіп келеді.

Еліміздекез келген этнос санына қарамастан, біртұтас қазақстандық қоғамның маңызды әрі ажырамас бөлігі болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстан бауырына басқан жүздеген ұлттар мен ұлыстардың  арасындағы тұтастық, татулық пен бірлік, жарасымды сыйластықтың берік сақталуына мемлекет тарапынанерекше мән беріліп отыр.

Осы ретте адами құндылықтар және оның қоғамдық дамуы мен ұлттың өркендеу жолындағы теңдесіз рөлі мен кемел келешегін, стратегиялық маңызын жете сезіне білуіміз керек.

Қазақстан-посткеңестік кеңістіктегі ерекше ел, онда жүзден астам түрлі этностар мен этникалық топтар бейбіт және тату-тәтті өмір сүруде. Олардың дәстүрлері мен мәдениетін дамыту мен сақтауға мүмкіндіктері бар.

Бүгінде университетте 15 836 студент оқиды, оның ішінде 2264 - 34 этностың өкілдері. Ең көп бөлігі, бұл өзбектер - 4,5% (708), түрікмендер - 4,4% (691), орыстар - 2,4% (377) және т.б.

2016 жылдан бастап университетте көпмәдениетті білім мен ұлтаралық қарым -қатынасты дамытуға бағытталған «Қазақстан халықтары Ассамблеясы» кафедрасы жұмыс істейді. Кафедраның негізгі міндеті -  мұғалімдер мен оқушылар арасында бейбітшілік пен қоғамдық келісім мәдениетін тәрбиелеу; ұлттық бірегейлікті және ұлттық бірлікті нығайту; «Рухани Жағыру» бағдарламасының негізгі түсініктерін насихаттау. «Рухани сабақтастық (әл-Фарабиден Хакім Абайға дейін)», «Ұлттық дәстүрлер», «Дулатитану», «Бауыржантану», «Аймақтану», «Қазақстанның қасиетті географиясы» деген пәндер келісімді, конфессияаралық толеранттылықты, туған жерге махаббат пен әртүрлі мәдениетке құрметпен қарауға бағытталған. Гуманитарлық бағыттың білім беру бағдарламаларына «Қазақстандағы этностар мен этностар тарихы» пәні кіреді.

2

Университетте жастар санасын этникалық ұлтшылдық  әрекеттерден сақтау мақсатында ғылыми-практикалық семинарлар, сауалнамалар, пікірсайыстар, дебаттар, мультимедиялық жобаларөткізіліп, алдын алу қызметінің негізгі теориялық-әдістемелік әзірлемелері жасалып, оған интерактивті сипаттағы тәсілдер мен технологиялар енгізілді.

Жыл сайын облыс тұрғындары мен студенттері арасында «Жамбыл облысының жастар арасындағы этносаралық байланыстар», «Жастардың құндылық бағдары»,«Мемлекеттік жастар саясаты: қалыптасуы мен даму перспективалары»,«Конфессияаралық қатынастар саласындағы студент жастардың құқықтық құзіреттілігін арттыру»тақырыптары бойынша әлеуметтік зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Барлық іс-шаралар студент жастардың бойында бейбітшілік пен этносаралық келісім мәдениетін тәрбиелеуге, студенттердің ұлттық, әлеуметтік, діни көзқарастарына, дүниетанымына, ойлау стилі мен мінез-құлқына қарамастан адамдармен және әртүрлі топтармен сындарлы өзара іс-қимыл жасауға қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруға бағытталған.

Университет мамандары жүргізген зерттеулер нәтижесі бойынша 2020 жылы студенттердің азаматтық бірегейлік деңгейі 83,7%-ға жетті,2017 (56,8%) жылмен салыстырғанда көрсеткіш 26%-ға өскен. 

WhatsApp Image 2021 10 14 at 20.02.56 2

Бұл қазақстандық патриотизмді нығайту және этносаралық қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясаттың императивтерін дұрыс түсіндіру ісіндегі педагогтардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесі болып табылады. 

Университет пен Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін биылғы жыл ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылуымен ерекшеленді. Оған сәйкес біздің облыстың көпұлтты қоғамдастығында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыс одан да көп болады. Қазіргі таңда университеттепсихологиялық қызмет көрсету жұмыстары қолға алынып, студент жастардың психикалық ерекшеліктерін зерттеу, психологиялық сауаттылықты қалыптастыру, толеранттылық пен эмпатияны дамыту мәселелері негізгі бағытқа айналып отыр. 

Тарихы терең және 80 астам этнос өкілдерінің Отанына айналған Тараз өңірінде өткізіліп отырған осы іс-шара қатысушыларына алғысымды білдіре отырып, Еліміздің жарқын болашағы үшін жасалып жатқан елеулі еңбектеріңіздің жемісті болуына тілектеспін!

Прочитано 1766 раз
Top