ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Дулати университетінде ректоры Талғат Ешенқұлов пен Жамбыл облысы әкімдігі цифрлық технологиялар басқарма басшысы Архат Байқазақовтың арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

2

Олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған Ұлттық цифрландыру жобасын бірге орындайтын болады. Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық құжатында ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындарына үлкен жауапкершілік жүктеді.

3

Талғат Ешенқұловтың айтуынша, Университетте ақпараттық технологиялар факультеті бакалавриаттың 10 білім беру бағдарламасы мен магистратураның 3 білім беру бағдарламасы бойынша IT мамандары дайындалып жатыр. Жыл сайын 100-ге жуық ІТ мамандарын оқытылады.

5

Сонымен қатар, университет бірқатар цифрлық жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруда. Мысалы, «Рухани жағыру» бағдарламасы аясында Жамбыл облысындағы этностардың интерактивті картасы, 24/7 цифрлық кітапханасы, латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін үйрету бойынша онлайн Qazalipbi.kz және т.б. бағдарламалар жүзеге асуда.

4

Меморандумға қол қою - бірлескен бағдарламалар мен ақпараттық технологиялар жобаларын әзірлеуге, оларды дамытуға бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізуге, сонымен қатар, IT саласы бойынша университеттің жергілікті атқарушы органдармен, кәсіпорындармен, Тараз қаласы мен Жамбыл бизнес құрылымдарымен тығыз ынтымақтастығына мүмкіндік береді.

Прочитано 1228 раз
Top