ГИДРОЭНЕРГЕТИКА ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ ҚОЛҒА АЛЫНУДА

Бүгін Дулати университеті Зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Данияр Нұрмұханбет және Ғылыми жетістіктерді коммерциялизациялау және олардың маркетингі орталығының жетекшісі Еркебұлан Қожмамбет Нұр-Сұлтан қаласында өткен KIOGE 2021, 27-ШІ «МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» Қазақстандық халықаралық көрмесінің тұсаукесеріне қатысты.

Айта кетейік, KIOGE (КИОГЕ) – мұнай-газ саласының негізгі даму үдерісін және инновациялық технологияларын танытуға арналған беделді алаң. Салалық маңызды оқиғалардың бірі ретінде, мұнай-газ саласына арналған нақты шешімдерді әзірлеуге және өзекті экономикалық идеяларды дамытуға септігін тигізеді.

Халықаралық көрме KIOGE дәстүрлі түрде ҚР Энергетика министрлігі, «Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені бірлестігі қауымдастығы, Алматы қаласы әкімдігі, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ, «KazService» Қазақстан сервистік компаниялар одағы, Мұнай-газ саласында стратегиялық серіктестіктерді дамыту кеңесі, Қазақстандық мұнайшылар және геологтар қоғамының ресми қолдауымен өтті.

Прочитано 985 раз
Top