Бүгін Дулати университетінің ректоры Талғат Ешенқұловтың активист- студенттермен дәстүрлі кездесуі өтті.
Кездесу барысында ректор Қайрат Рысқұлбеков атындағы «Шахмат» алаңының ашық аспанында еркін форматта жастармен әңгіме жүргізді.
Аталған іс-шараға модератор – ректордың жастар ісі жөніндегі көмекшісі Арнат Ұлтанбаев, Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Альмара Наурызбекова, Студенттердің құқығы бойынша Қуаныш Абдикаримов, «SANALY URPAQ» фронт офисінің мүшесі Мақсат Баймақаш.
Кездесу нәтижелі және қызықты өтті. Барлық қатысушылар өздерін еркін сезініп, әртүрлі сұрақтар қойып, ректордың студенттік өмірі мен еңбек жолына қызығушылық танытты.
Ректор өз сөзінде, білім алған университетін басқарып отырғанына қуанышты екенін айтып, студент-жастарды білім алуға және адалдыққа шақырды.
Кездесу соңында Талғат Ешенқұлов кездесуге қатысқан студент-жастарға белсенді өмірлік ұстанымдары үшін алғысын білдірді.