ӘЙЕЛ БІР ҚОЛЫМЕН БЕСІКТІ, ЕКІНШІ ҚОЛЫМЕН ӘЛЕМДІ ТЕРБЕТЕДІ

Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ұстаз» институтының ұйымдастыруымен «ХХI ғасырдағы көшбасшы қыздар» жастар клубы аясында «Отбасы және қыздар тәрбиесіндегі ұлттық дәстүрлер» тақырыбында семинар өтті.

Қазақ қызының болмысын, бейнесін, адамгершілік, рухани құндылықтарын және лидерлік қасиетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға университеттің профессорлары, оқытушылары және студенттері қатысты.

2

Елдің көркі саналатын  қыз балаға қазақ халқы қашан да үлкен құрметпен қарап тал бесіктен тәлімді тәрбие беруге тырысқан. Бүгінгі таңда инабатты, ибалы, үлкенге құрмет, кішіге ізет  көрсететін, өресі биік, саналы, заманға сай тәрбиелі аруды өсіруді  әр ата-ана армандайды.

Айта кетейік, жас ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастыру мақсатында Республикамызда жастардың жаңа саясаты жасалуда, яғни әлеуметтік белсенділік мәселесіне, республиканың мемлекеттік тәуелсіздігінің нығаюы барысындағы жастардың орны мен рөліне, жастардың көшбасшылығына бағыт беруде.

Сонымен қатар, жастарға инновациялық өркениет пен жаһандану үрдісінің талабына лайықты білім беру және сол ағымда тәрбиелеу – республикамыздың жоғарғы оқу жүйесінің өзекті де өткір міндеттеріне айналуда. Яғни, студент жастардың азаматтық борышы мен кәсіби деңгейін қатар өрбіту міндеттерін шешуде, университетімізде болашақ мамандардың кәсіби лидерлік сапаларын дамыту және қалыптастыруда.

3

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

Прочитано 1279 раз
Top