БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЛЕКЦИЯ ӨТІІЛДІ

Лекцияның басты миссиясы - университет тарихы, оның бүгіні мен болашағы туралы.

Басқарма Төрағасы-Дулати университетінің ректоры Талғат Ешенқұлов бірінші курс студенттеріне дәріс оқыды. Биыл дәстүрлі іс-шара тікелей эфирде өтті және әлеуметтік желілерде таратылды.

Дәстүр бойынша ЖОО басшысы бірінші курс студенттерін біздің жоғары оқу орнымыз атымен аталған ұлы саяси қайраткер, қолбасшы, жазушы, ғалым Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірбаянымен таныстырды. Әрі қарай спикер студенттерге университет тарихы, дамудың негізгі кезеңдері, жетістіктері, оның бүгіні мен болашағы туралы айтып берді.

Талғат Ешенқұлов студенттерге ЖОО-да болудың қауіпсіз жағдайларын сақтаудың, вакцинациялаудың маңыздылығы туралы еске салды.

Шара барысында студенттер өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

МЕДИА ҚЫЗМЕТ

Прочитано 1107 раз
Top