БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ - БАСТЫ НАЗАРДА

Дулати университетінде ҚР Президентінің "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Жолдауы талқыланды.

Талқылауға бірінші проректор Ержан Әмірбекұлы (модератор), институт директорлары, факультет декандары қатысты. Технологиялық факультетінің деканы Әнуарбек Аймен, "Ұстаз" институтының директоры Орынқыз Жолдасова, "Ғылым және коммерцияландыру" департаментінің директоры Мәди Ахметжанов сөз сөйледі.

Өз сөзінде Орынқыз Жолдасова оқытушыларға, олардың кәсіби дамуына, педагог кадрларды даярлауға ерекше назар аударылғанын атап өтті. Инклюзивті білім беруге де баса назар аударылды. Спикер бүгінгі таңда инклюзивті білім беру үшін педагогикалық мамандықтардың білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселесі күн тәртібінде тұрғанын хабарлады. Өз кезегінде оқушылармен кәсіби бағдар маңызды болып табылады. Мектеп жасындағы балаларға болашақ карьерасын таңдауға көмектесуге арналған кәсіби бағдарлау бағдарламаларын қайта қарау үлкен қолдау тапты. Орынқыз Жолдасова жаңа мектептердің құрылысы өзекті аспектілердің бірі болып табылатынын хабарлады. Мемлекет басшысы аталған бағдарламалық құжатта ғылыми саланы қаржыландыруға ерекше назар аударды. Гранттық қаржыландыру мерзімі ұлғайтылатынын да ерекше атап өтті.

Мәди Ахметжанов өз сөзінде ғылым саласындағы өзгерістерге толығырақ тоқталды:

- Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында іргелі ғылыммен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарын тікелей қаржыландыруды енгізу атап өтілді. Сондай-ақ, Жолдауда бейінді министрлік ғылыми ұйымдарды қаржыландыру бойынша нақты жоспар, ережелер әзірлеуі тиіс екендігі айтылды. Іргелі ғылымның дамуы үшін гранттардың үш жылға дейінгі шектеулілігі елеулі кедергі болып табылады. Біздің университеттің ғалымдары жалпы сомасы 200 млн теңгеден асатын алты грантқа ие болды. Бұл гранттарды іске асыру мерзімі 36 айдан 12 айға дейін. Мұндай қысқа жоспарлау көкжиегінде іргелі зерттеулердің маңызды нәтижелеріне қол жеткізу қиын. Жолдауда қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту мәселесін қарастыру көзделген. Бұл қаржыландыру көлемін ұлғайтуға, зерттеулерді арттыруға, ғылыми көшбасшылыққа және жалақыны көтерудің аспектілеріне ықпал етеді

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

Прочитано 1075 раз
Top