ЖОО-НЫҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

"Рухани жаңғыру" Қазақстандық қоғамдық даму институты” КЕАҚ орталығының жетекшісі Жанар Бұқанова Дулати университетінде болды.

Іс-шара университет мұражайын аралаудан басталды. Ары қарай Дулати университетінің "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша жобаларының таныстырылымы өтті. Жанар Бұқанова Жамбыл облысы этностарының интерактивті картасымен, "Жамбыл облысының ортағасырлық қалалары" мультимедиялық картасымен, "Қазақ хандығы" интерактивті энциклопедиясымен, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған "Балақай" танымдық жобасымен танысты. Сонымен қатар, "VIZIT TARAZ" және "Дәстүрім-асыл қазынам"студенттік телестудиясының жобалары ұсынылды. "Дәстүр және ғұмыр" жобасы аясында Дулати университетінде "Үшбас асық", "Қазақ шаңырағы", "Асықты шот" ойындары өткізілді. 2021 жылы "Қазақ шаңырағы" зияткерлік ойынын цифрландыру жұмыстары басталып, оның компьютерлік моделі жасалды. Университет ұжымы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында шығарған оқу әдебиеттері мен қазақ тіліндегі “100 жаңа оқулық" жобасы аясында аударылған кітаптардың экспозициясы ұсынылды.

Іс-шара семинармен аяқталды. Модератор Ержан Әмірбекұлы Дулати университетінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен "Ұлы даланың жеті қыры" жобасының жүзеге асырылуына қысқаша шолу жасады. Семинарда педагогика ғылымдарының кандидаты, "Психология және педагогика" кафедрасының доценті Рысты Керімбаева ұлттық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу тақырыбында баяндама жасады.  М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің магистранты Қанатқызы Көркемжан "7 ҚЫР" мобильдік қосымшасының жобасы туралы айтып берді.

 

2 7

 

16 4

МЕДИА ҚЫЗМЕТ

Прочитано 1043 раз
Top