ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ

12 – шілде күні Үнді елінің Елшісі Шубдаршини Трипати ханым және қорғаныс атташесі – Милан Винаяк Налавейд мырза Дулати университетіне жұмыс сапарымен келді.

Іскерлік кездесуде екі жақтың қарым-қатынасы алдағы уақытта жалғасатындығы айтылды. Дулати университетінің ректоры Талғат Ильясұлы  өз сөзінде

 – 2018 жылы бірінші халықаралық конференция Үндістанда өткенін, екіншісі Қазақстанда жоспарланғанын, бірақ пандемияға байланысты ол әлі де кейінге шегеріліп жатқанын атап өтті.  

Елшінің іскерлік сапармен арнайы келгенін пайдалана отырып Талғат Ильясұлы университет тарапынан қарым-қатынаста ашық екендігін айтты. Ойда жүрген істердің алға басуына тікелей қолдау білдіріп, серіктестік жұмыстардың нәтижелі болатынына сенім білдірді.

Жоспардың жүйелі түрде орындалуын қолға алу үшін рейтингтері жоғары оқу бағдарламаларымен, білім саласында біліктілікті дамыту мақсатында әрдайым Үнді мемлекетімен бірге байланыс нығая береді. Тек әскери бағытта ғана емес, ІТ мамандығы мен ағылшын тілін дамыту өзекті мәселе. Сол себепті де, алдағы уақытта оқытушылар мен профессорларды ынтымақтастық келісім бойынша тәжірбие алмастыру мақсатында Үнді мемлекетіне жіберу туралы ұсынысын жеткізді.

Шубдаршини Трипати ханым Дулати университетімен алдағы уақытта берлесе жұмыстар жасайтындығына, Қазақстан мен Үнді елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолында жасалып жатқан игі істер өз нәтижесін оңынан беретіндігіне  сенім білдірді.

Ресми кездесудің екінші бөлімі Дулати университетінің бас ғимаратында орналасқан музейде жалғасын тапты. Университет тарихы мен құнды жәдігерлерімен танысқан қонақтар өз лебіздерін «Тілектер және қолтаңба» кітабына арнайы жазды.

Медиа-қызмет

Прочитано 1289 раз
Top