Дулати университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан педагогикалық ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі Керимбаева Рысты Қалдыхановна «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының «Ulttyq tárbıe» идеологиялық платформасы жобасы бойынша мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын макеттерін жасау бойынша республикалық байқауға қатысып, құны 4 миллион тұратын грантқа ие болды.
Керимбаева Рысты Қалдыхановна - ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушы-2019»грантының жеңімпазы, ҚР Білім және ғылым министрінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, «Балабақшада жобалық іс-әрекет арқылы тәрбиеленушілердің танымдық қабілеттерін дамытуды ұйымдастырудың педагогикалық шарттары» тақырыбындағы ғылыми-педагогикалық эксперименттік жұмыстың ғылыми жетекшісі, «Балабақша жағдайында көптілдікке тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық аспектілері дамытуды ұйымдастырудың педагогикалық шарттары» тақырыбындағы ғылыми-педагогикалық эксперименттік жұмыстың ғылыми жетекшісі, 200-ден аса ғылыми еңбектің, соның ішінде 2 монография «Асық ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру»-2021, «Мәңгілік ел» ұрпағының рухани тұлғасын қалыптастыруда этнопедагогикалық жобаларды пайдалану.-2020 жыл); 12 оқу әдістемелік құрал, «Ғажайып киіз үй» жылжымалы оқу демонстрациялық тақтасының пайдалы модель патентінің авторы, халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы, ұлағатты ұстаз.
Құрметті Керимбаева Рысты Қалдыхановна!
Сізді жеңісіңізбен құттықтаймыз! Балаларға ұлттық тәрбие беру ісіңізге береке, еңбегіңізге табыс, деніңізге саулық тілейміз.
Ғалым-педагог Рысты Қалдыхановнаның жобасының басты мақсаты - жас жеткіншектер бойында ұлттық құндылықтарымызға деген сүйіспеншіліктерін ойын элементтері арқылы дарыту, ойын арқылы жас жеткіншектерге қазақ салтындағы тұрмыс құралдары мен музыкалық аспаптары және тағам өнімдерімен таныстыру, балалар бойында отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру.
Дулати Университетінің
медиа-қызметі