ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨЛМЕЙДІ

«Жақсының аты,  ғалымның хаты өлмейді»  дейді дана халқымыз. Оқу ордамызда саналы ғұмырын жастардың жарқын болашағына арнаған тау тұлғаларымыз аз емес. Солардың бірі әрі бірегейі, арамыздан мезгілсіз аттанып кеткен экономика ғылымдарының докторы, профессор Ертаев Қарабек Ертайұлы еді. Зиялы тұлғаны жастар санасына терең сіңіру, есімін ұлықтау мақсатында «Экономика және бизнес» факультетінде Ертаев Қарабектың атындағы аудитория ашылды. 

Ашылу салтанатына экономика ғылымдарының докторы, профессер Ержан Әмірбекұлы,  Экономика кафедрасының ұстаздары, әріптестері, Қарабек Ертайұлының  асыл жары Алия Оспанова,  ұлы Дарын Ертаев және ет жақын туыстары қатысты.

Алғашқы болып сөз Ержан Әмірбекұлы Қарабек ағамыздың терең білім иесі екенін айта келіп,  көптеген жоспары болғанын еске салды. Әрі жақсы адамның жолын ұрпақтары жалғастырады,  оқытушылар ол кісі туралы естеліктерді әр студенттің санасына терең сіңіреді деп сенім білдірді. Сөз кезегін алған туыстары  арнайы аудитория ашып, есімін еске алып жатқан,  университетке,  «Экономика» кафедрасы ұжымына шынайы алғыстарын білдірді. Әріптес оқытушылар тәтті естеліктерімен бөліссе, шәкріттері ұстаздың адамгершілік қырын, бауырмалдық қасиетін сағынышпен еске алды.

 

Медиа-қызмет

Прочитано 1344 раз
Top