Дулати Университетінің студенті Ғалымжан Қырықбай Жамбыл облысының атынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев жүлдесі үшін қазақ күресінен «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» X республикалық турниріне қатысады.
Ғалымжан Қырықбай аймақтық іріктеу турниріне қатысқан кезде беделді балуандар байқауының финалына қатысуға жолдама алды. Бұл жолы облысымыздан 20-дан астам үздік балуандары бақ сынады.
Естеріңізде болса, Ғалымжан 2019 жылы Универсиада алтынын да олжалап, абыройымызды асқақтатқан болатын. Енді оған республикалық турнирде облыс намысын қорғау міндеті тұр.
Айта кетейін, «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» шілде айында әр облыстың мықтыларының басын Нұр-Сұлтан төріне түйістіреді деп күтілуде. Бұл додада Ғалымжанға сәттілік тілейміз!
Медиа-қызмет