МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАЙМЫН! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

Құрметті мектеп бітіруші түлектер!

2021 жылдың 30 сәуірінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті қашықтықтан өтетін «МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАЙМЫН!» Республикалық педагогикалық олимпиадасына қатысуға шақырады. Педагогикалық олимпиадаға республиканың  барлық жалпы орта білім беретін мектептерінің биылғы жылғы бітіруші түлектері қатыса алады.

Педагогикалық олимпиаданың  мақсаты  цифрлы Қазақстан жағдайында  үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында педагогикалық кадрлардың дайындық сапасын арттыру  мақсатында  педагог мамандығына талантты түлектерді тарту.

Педагогикалық олимпиаданың міндеттері:

  • жалпы орта білім беретін мектептердің дарынды түлектерін анықтау;
  • педагогикалық мамандыққа жалпы орта білім беретін мектептердің талантты түлектерін тарту;
  • педагогикалық  мамандықты таңдауда мотивация беру,  мектеп бітіруші түлектердің  сындарлы ойлау және креативті  қабілетін дамыту;
  • педагогикалық кадрларды дайындау сапасын арттыру мақсатында  МЕКТЕП-ЖОО ынтымақтастығы негізінде мектеп түлектері арасынан өздеріне ізбасарларды дайындау.

 ОЛИМПИАДА БАҒДАРЛАМАСЫ

Олимпиаданы өткізу тілі:

қазақ және орыс тілдері

Олимпиаданың іріктеу кезеңі

онлайн форматта өтеді

ТУР АТАУЫ

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

ЕРЕЖЕСІ

«ВИЗИТКА»

«МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН таңдаймын!»

авторлық бейнеролик

Максималды балл – 10 балл:

  • мазмұнға  сәйкестігі, өзектілігі, идея ерекшелігі – 3 балл;
  • сөйлеу мәдениеті, баяндау сауаттылығы, әртістік шеберлік – 4 балл;
  • мазмұндылығы – 3 балл.

«МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН таңдаймын!» тақырыбында авторлық бейнеролик әзірлеу

(3 мин.)

Олимпиаданың бұл туры әлеуметтік желідегі дауыс саны арқылы бағаланады.

Ең жоғары балл жинаған

20 қатысушы келесі турға өтеді.

«ЭРУДИТ»

білімділер сайысы  ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ТУР

Максималды балл – 10 балл:

  • ғылымилығы, білімділігі 3 балл;
  • баяндау сауаттылығы – 4 балл;
  • мазмұндылығы 3 балл.

«ЭРУДИТ» білімділер сайысы  интеллектуалдық тур.

Бұл турда мектеп оқушыларының теориялық білімдері бағаланады.

Қатысушылар таңдаған бейіндік  пәні бойынша тест сұрақтарына жауап береді. (Тест мектеп бағдарламасының екі бағыты бойынша  таңдаған пәндерінен сұрақтарды қамтиды: гуманитарлық және жаратылыстану циклдері).

«Егер мен

ПЕДАГОГ болсам ...»

инновациялық авторлық жоба

Максималды балл – 10 балл:

  • сыни ойлаудың креативтілігі – 3 балл;
  • инновациялық  мазмұндылығы – 5 балл;
  • баяндау ерекшелігі – 2 балл.

«Егер мен ПЕДАГОГ  болсам ... » инновациялық авторлық  жобаны (идеяны) еркін форматта ұсыну.

Қатысушыға еркін инновациялық педагогикалық жоба (эссе, постер, ғылыми жоба, педагогикалық ертегі, авторлық бейнеролик және т.б.) ұсынуға мүмкіндік беріледі.

Қорғау уақыты: 3-5 мин.

ОЛИМПИАДА ҚОРЫТЫНДЫСЫН  ШЫҒАРУ

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ

МАРАПАТТАУ

Олимпиада жеңімпаздары арнайы дипломдамен,  сертификаттармен марапатталады. 

БАС  ЖҮЛДЕ - М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің білім  беру  гранты

«БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ – «DULATY 2021»

( Университет ережесіне сәйкес)

Олимпиадаға қатысу үшін  өтініш пен  жұмысты 2021 жылдың 25 сәуіріне дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды почта арқылы жіберу қажет

(А қосымшасын қараңыз).

Педагогикалық олимпиадаға

қатысушының өтініші

А қосымшасы

Білім беретін мекеменің толық атауы    

 

 

Қатысушының толық аты-жөні, байланыс телефоны, электронды почтасы

 

 

Жетекшісінің аты-жөні, байланыс телефоны

 

Байланыс телефондары:

БУЗАУБАКОВА Клара Джайдарбековна

8 705 720 18 56

КУМИСБЕКОВА Жазира Науатбековна

8-777-745-49-79

Мекен-жайымыз:

Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы

Жамбыл даңғылы 16а

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

 «Ұстаз» институты

«Білім берудегі менеджмент» кафедрасы

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТҚАНЫҢЫЗ ҮШІН  ҮЛКЕН РАХМЕТ!

ӨЗІҢІЗДІ АСЫҒА КҮТЕМІЗ, ЖАС ТҮЛЕК!

Прочитано 1917 раз
Top