ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ

«Өмір тіршілік қауыпсіздігі» кафедрасының доценттері, т.ғ.к. Г.А.Сарбасова және М.Т.Омарбекованың ұйымдастыруымен өрт сөндірушілердің және авариялық құтқарушылардың ерлігін дәріптеу арқылы студенттерді патриоттыққа тәрбиелеу, және адамгершілік пен мейірімділік қалыптастыру мақсатында Жамбыл обылысы төтенше жағдайлар департаменті өкілдерімен студенттер арасында кездесу болды.
Дөңгелек стол түрінде өткен іс-шараға арнайы қонақтар, студенттер, жоғары оқу орынның оқытушылары болып жирмаға жуық адам қатысты.

Алғашқы болып сөз алған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Азаматтық қорғаныс» басқармасының бастығы Руслан Шариев әр жұмыстың өз қыйындығын айта келіп өрт сөндіру, авариялық құтқару, даңықты әрі жауапты екенін, әр осы жұмысқа келемін деген әр жасқа ауыр талаптар қойылатынын болашақ осы мамандықтың иесі болған студенттерге баса айтты. Жалғасты сөз тізгінін алған  Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Кадр саясаты»басқармасының бастығы Алмас Бауыржанұлы Өрт сөндіру жолында ерен ерлік көрсетіп халық үшін көз жұмған батыр азамат Ахметов Ержан Еркінұлының еңбегі туралы тоқталып, жастарды жақсы жолда жүруге шақырды, студенттер атынан Бибол Ғалымжанұлы жырдан шашу шашса, қорытынды сөз «Өмір тіршілік қауыпсіздігі» кафедрасының Қуаныш Абдешевке берілді, «Қай уақытта болсын, өрт сөндіруші мен құтқарушы мамандығының мәртебесі биік. Өйткеі олар адам өмірін құтқарумен айналысады». деді Қуаныш Бақытжанұлы әрі қонақтарға естелік кітап силап студенттер  мен ұстаздар атынан рақмет айтты.

Ерлік мирасқорлық жолымен берілмейді, оған  әрбір адам жеке басының ерлігімен жете алады, бүгінгі кездесуден студент достар осы қағиданы терең сезе алды деп білеміз.

Медиа-қызмет

Прочитано 1349 раз
Top