ДҰРЫС ТАҢДАЛҒАН МАМАНДЫҚ- БОЛАШАҚТЫҢ ЖАРҚЫН КЕПІЛІ

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ұстаз» институтының «Білім берудегі менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Бузаубакова Клара Жайдарбекқызы мен бірлесе отырып кәсіби бағдар жұмысы бойынша «Мен әлемдегі ең керемет мамандықты таңдаймын»- атты вебинар өтті.

Іс- шараның мақсаты - бүгін мектептен ұшқалы отырған түлектерімізге мамандық таңдауда дұрыс жол көрсетіп, мамандықтар туралы мағұлмат бере отырып, жастарымызды ел болашағы ретінде сапалы мамандық иелері атануларына үлес қосу.

Вебинарымызды п.ғ.д.,профессор Бузаубакова Клара Жайдарбекқызы ашып, түлектерімізге тәуелсіз еліміздің 30 жылдығы қарсаңында тәмәндайтын түлектеріміздің, мамандық таңдау барысында еліміздің өркендеуіне үлес қосатындай, қай мамандық түрін таңдаса да еліміздің кіріпішін қалап, әлемге танымал маман иелері атануын, еліміздің өркендеу заманында білімді, білікті мамандардың керек екендігін атады.

Кәсіби бағдар жұмысы- Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл ауылының Ақкөл орта мектебінен- ғылыми әдістемелік жетекші Майлыбаева Ақмарал Аятбаева, директордың бағдарлы оқыту бойынша орынбасары Мадибаев Дауренбек Рымтайұлы, Ғылыми әдістемелік жетекші Наржанов Алмаз Ералиевич сынды мамандарымыз өз мектептерінің жүргізіліп жаткан тынысы жайында ақпарат берді.

Ы.Алтынсарин орта мектебі бойынша - оқу ісі жөніндегі орынбасар Скаков Умиржан Шарипханович, Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Ратова Гулмира Амангелдиева және екі мектептің бітруші түлектеріде қатысты. Ақкөл ауылы бойынша екі мектептен 26 -жас түлектеріміз өз мамандық қалауларын таңдап, болашаққа үлкен сеніммен бастағалы тұрғандарын білдірді.

Түлектердің арасында   гуманитарлық бағыт пен шығармашылық бағыттағы мамандықтарды таңдаған. Болашақта өздерінің мамандықтарын тамандап, оқыған мектептерінде жас маман атануларында жоспарлап қойған.

Жоғары оқу орынмен мектеп байланысын арттыру мақсатымызда, маркетинг және талапкерлерді рекруттеу бөлімінің басшысы - қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Нурпеисов Мұхаметжан   Кенжетаевич биылғы өтілетін ҰБТ –тестілеуі жайында толық ақпарат беріп, ЖОО мамандық түрлерімен таныстырды.

Вебинарымызда түлектеріміздің қабілеттін анықтау, болашақтағы армандары жайында,  өзін-өзі тану мақсатында психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Сондай- ақ түлектер сұрақ қойып, қанағаттанарлықтай жауап алды.

Гулмира Оралқызы

«Білім берудегі менеджмент»

кафедрасының оқытушысы

Прочитано 1591 раз
Top