ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «ЖОО үздік оқытушысы – 2020» мәртебесіне ие болған ұстаздарды онлайн арқылы салтанатты түрде марапаттады.

Сөз басында Асхат Қанатұлы білім саласында енгізіліп жатқан өзгерістерге, оңтайландыру үшін жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Білім сапасын жақсарту үшін жүйелі жұмыс атқару керектігін, ең бастысы ұстаздардың негізгі проблемаларын шешудің маңыздылығын атап өтті. Оқытушылардың жүктемесін азайту, бөгде жұмыстардан босату, артық қағазбастылықтан арылу, жалақыны көтеру мәселелері кезек күттірмейтін іс екенін де тілге тиек етті министр.

Дулати университетінің үздік оқытушылары бұл құттықтауды онлайн тамашалады. Өз кезегінде М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-ректор м.а. Ержан Әмірбекұлы оқу ордамыздың үздік төрт ғалымын: Зәуреш Абдукаримова, Гүлнар Абдрахман, Айжан Мынбаева, Еріккүл Байтиленованы құттықтап, куәлік пен төсбелгілерін табыстады.

Ғылым мен білім саласында өз біліктіліктерін дәлелдеп үздік танылған оқытушыларға Ержан Әмірбекұлы ғылыми ізденіс жолында табыс, отбасыларына ырыс пен береке тілеп, қатысушыларды алдағы ұлық мереке – Наурыз тойымен құттықтады.

iүздіікexүздіктер1ex

 

 

Медиа-қызмет

 

 

Прочитано 1327 раз
Top