Азық-түлік шикізаты мен өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін жоғары деңгейде тексеру мүмкіндігі.
2021 жылдың 1-3 наурыз күндері аралығында Дулати Университетінде «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің сарапшылар комиссиясы жұмыс жасады. Комиссия жұмысы эксперт-маман Айжан Бегасылованың жетекшілігімен жүргізілді. Сарапшы мамандар «Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлік зерттеу әдістері» инженерлік бейінді ғылыми-зерттеу зертханасының құрамына кіретін «Тамақ инженериясы» сынақ зертханасының қызметін тексеру жұмыстарын жүргізді. Комиссия құрамына «ГССжәнеМ «Zhambyl Standart» ЖШС басшысы, бағалаушы маман Раушан Сарина және Жамбыл облысы бойынша ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптау орталығының» бөлім басшысы, техникалық сарапшы Жамиля Керімбаева енген болатын. Осы орайда айта кететін жайт, аталған сынақ зертханасы елімізде тамақ өнімдері мен шикізаттарының сапасына және қауіпсіздігіне сынақ жұмыстарын жүргізу бойынша 2018 жылдан бастапаккредиттеуден өткен жалғыз ЖОО зертханасы болып табылады (аккредиттеу аттестаты№KZ.2.8.Т.2037, 02.03.2018 ж.).
Инспекциялық бақылау жұмыстарының аясында «ҰАО» ЖШС сарапшы мамандары мен «Тамақ инженериясы» сынақ зертханасының жетекшісі Наталья Иванникова бастаған зертхана ұжымыоның қызметін ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ жүргізу және калибрлеу зертханаларының біліктілігіне қойылатын жалпы талаптар» нормативіне сәйкестендіру жұмыстарын орындады. Осы атқарылған жұмыстар нәтижесіндеДулати Университетінің зертханасы тамақ өнімдері мен шикізаттарының сапасын және қауіпсіздігін халықаралық стандарттарға сай заманауи деңгейде сынақ жұмыстарын жүргізу мүмкіндігіне ие болды. Ендеше, зертхана ұжымына зор табыс тілейміз!