Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей), Карабюк университеті (Түркия), Білім Сарапшыларының Қазақ Лигасымен бірлесе ағартушы педагог Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Педагогикалық білім беру: әлемдік руханият, заманауи трендтер және инновациялық тәжірибе» атты Екінші Халықаралық Педагогикалық Оқулары аралас форматта өтті.
Екінші Халықаралық Педагогикалық Оқуларының ашылуында Дулати университеті Басқарма төрағасы-ректордың м.а. Ержан Әмірбекұлы сөз алды. Былтыр ұйымдастырылған шара биыл жалғасын тапқанын айтып, университет пен мектеп арасындағы байланыстың маңыздылығына тоқталды.
Екінші Халықаралық педагогикалық оқулардың мақсаты – Қазақстан Республикасы білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялау; Қазақстанның рухани жаңғыру бағытында ұлттық сананы қалыптастыру; білім берудің жаһандану жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби дайындаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін қарастыру; ғаламдық бәсекелестік ортадағы заманауи білім берудің жаңа парадигмалары аясында зияткер тұлғаны қалыптастыру; қашықтан оқыту жағдайындағы заманауи трендерді қарастыру; Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев университетінің инновациялық іс-тәжірибесін үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау; педагогтың шығармашылық әлеуетін жетілдіру; ХХІ ғасырдың сын-қатерлі контексіндегі қашықтықтан оқытудың ғылыми-әдістемелік деңгейін және білім сапасын арттыру жолдарын қарастыру; педагог кадрларды дайындаудағы әлемдегі үздік ЖОО инновациялық іс-тәжірибесін зерделеу.
№44 Шона Смаханұлы атындағы мектеп оқушылары ұстаздар құрметіне қойылым қойып, сырлы өлең жолдарын тарту етті.
Екінші Халықаралық педагогикалық оқулары аясында «Инновациялық педагогикалық өнім-2021» тұсаукесері және «Үздік педагогикалық өнім-2021» байқаулары (онлайн форматта) өткізілді және қатысушылардың 435 жұмысы қаралды.
350 қатысушы өздерінің инновациялық іс-тәжірибелерімен бөлісіп, үлкен белсенділік танытты.
Екінші Халықаралық педагогикалық оқулар қорытындысы бойынша ҚР Педагогикалық жоғары оқу орындарына, Білім Сарапшыларының Қазақ Лигасына, «Педагогикалық шеберлік» орталығы және «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ филиалдары мекемелеріне, Назарбаев Зияткерлік мектептері және жалпы орта білім беретін мектептерге білім сапасын жақсарту, ЖОО мен мектеп арасында мығым байланыс орнату бойынша өзекті ұсынтар жасалды.
Медиа-қызмет