«ANTI СORRUPTION QUEST-DULATY» КВЕСТ ОЙЫНЫ БАСТАЛДЫ

М.Ф.Үркімбаев атындағы "Жастар сарайында" «ANTI СORRUPTION QUEST-DULATY» квест ойынының ашылуы өтті.

Аталмыш іс-шараны ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, «Саналы ұрпақ» жобалық фронт-офисі ұйымдастырды.

Еліміз бойынша алғаш рет Көкшетау қаласында ұйымдастырылған бұл ойын өз жалғасын Тараз қаласында тауып отыр. Квест ойынға облыс бойынша институттар мен факультеттер және бірнеше қатысушыдан құралған топтар қатыса алады.

«Саналы ұрпақ» фронт-офисінің бас маманы Асқар Жақсылықұлы ойын шарттарымен таныстырды:  – Квест студенттер арасында интерактивтілік, белсенділік пен тапқырлықты талап ететін жарыс ретінде ұйымдастырылады. Ойын үш күн бойы үш кезең бойынша өтеді. Квесттің мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділік және азаматтық ұстанымын, парасаттылық, адалдық, әділдік қаситеттерін арттыру және осы сала бойынша насихат жүргізу,-деді.

Тапқырлық пен адалдықты талап ететін бұл ойынға қатысушылар үшін арнайы марапаттар мен бағалы сыйлықтар үлестірілетін болады.

«ANTI СORRUPTION QUEST-DULATY» квест ойынына қатысатын студенттерімізге алдағы уақытта тек сәттілік пен жеңіс  тілейміз!

Медиа-қызмет

Прочитано 1339 раз
Top