АҚЫНҒА АРНАЛҒАН ЖЫР КЕШІ

Кітапханалық-ақпараттық орталығының Көркем әдебиеттер  секторы  «Филология және журналистика» кафедрасымен бірігіп, «Конвергентті журналистика» мамандығының 1 курс студенттері арасында  ақиық ақын,  поэзия майталманы Мұқағали Мақатаевтың  туғанына  90 жыл толуына орай «Әр өлеңі – бір әлем» атты поэзия кешін ұйымдастырды.

Поэзия кешінің басты мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысу, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып оқырман назарына ұсыну, жастар арасында өнерге деген құштарлықты арттыру, Мұқағали мұрасын кеңінен насихаттау.

Аталған іс-шараны Көркем әдебиет секторының жетекшісі Нұргүл Кабазова ақынның өмірбаяны мен шығармаларынан бастап, ақын поэзиясының халыққа кең таралуының мәні мен өміршеңдігінің сырына тоқталды.

Кеш барысында студенттер ақын өлеңдерін жатқа оқыды. 

«Филология және журналистика» кафедрасының доценті, Балзия Баешова ақынның өнегелі өмірі мен естеліктері туралы өз ойымен бөлісті.

Нұргүл Кабазова кітапхана қорындағы ақынның шығармаларын насихаттап, оларды кітап оқуға шақырды. Поэзия кеші  ақынның өмірі мен шығармашылығына және өлеңдеріне арналаған слайдпен сүйемелденді. Кеш «Есіңе мені алғайсың» әнімен аяқталды.

Медиа-қызмет

Прочитано 1334 раз
Top