М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Бастапқы әскери дайындық кафедрасы 2021 жылдың 28-29 қаңтарында В004 – «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалар тобы бойынша «Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі» пәнінен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХІІ Республикалық онлайн пәндік олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынан 10 команда қатысты.
Олимпиада ережесі бойынша командадағы 1 студент презентация дайындап, өз оқу орнын таныстырады; «Мамандығым мақтанышым» тақырыбына команданың 1 қатысушысы эссе (2 парақтан кем емес) дайындайды; «Үздік сабақ», болашақ педагог мамандарды ынталандыру мақсатында, мамандыққа байланысты еркін тақырыпта команданың 1 қатысушысы 15-20 минуттық панорамалық сабақты онлайн өткізуі керек.
Жоғарыдағы көрсетілген конкурстардың есептік материалдарын қатысушылар ұйымдастырушының электрондық почтасына салды.
В004 – «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалар тобы бойынша ХІІ Республикалық онлайн пәндік олимпиадасының қорынындысы бойынша:
1 орын – Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
2-орын- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
2-орын- Абай атындағы Алматы педагоикалық университеті
3-орын- Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
3-орын- М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
3-орын – А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
Медиа-қызмет