ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА-ТЕРЕҢ БІЛІМ КЕПІЛІ

Ұстаз институты «Білім берудегі менеджмент» кафедрасының   ұйымдастыруымен 1-2 курстың болашақ педагогтерімен танысу педагогикалық практикасы бойынша бағыттаушы конференциясы өткізілді.

Танысу педагогикалық практикасының мақсаты- студенттерді білім беру мекемелерінің оқу-тәрбие процесімен таныстыру және оны болашақ кәсіби іс-әрекетінің жағдайына бейімдеу.

Танысу педагогикалық практикасы барысында  1-2 курс студенттері  нормативті құжаттармен және педагогтер құрастыратын жоспарлармен (оқу бағдарламалары; ұзақ мерзімді, мұғалімдерді орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлары) танысады;пән/ мамандық бойынша оқу-әдістемелік кешен (мультимедиалық техникалық құралдар, смарт және стем-құралдар, кестелер, дидактикалық материалдар, электронды оқулықтар, бейнетекалар және т.б.) мазмұнын саралайды; әртүрлі формадағы оқу процесінің жағдайы бойынша әртүрлі іс-шараларға (сабақ, семинар, дөңгелек үстел, пікірсайыстар және т.б.) онлайн қатысып, тұтас педагогикалық процестерді зерделейді; сабаққа жалпы дидактикалық-психологиялық талдау жасайды; сыныпқа/топқа/ психологиялық-педагогикалық мінездеме құрастырады; жеке оқушыға мінездеме береді; педагогтің әлеуметтік-педагогикалық портретін жасайды.

школ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Клара БУЗАУБАКОВА

«Білім берудегі менеджмент»

кафедрасының меңгерушісі,

п.ғ.д., профессор

Прочитано 1249 раз
Top