«ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ҰСТАЗЫ» АТАНДЫ

Елімізде мәдениет саласы бойынша жылдың үздік жастары мен ұстаздары марапатталды. Сонымен қатар, талай жыл елге еңбегі сіңген мамандарға «Қазақстанның Құрметті Педагогы» төсбелгісі табысталды.

Іс-шара «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Білім өркениеті» ұлттық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Байқауда «Жылдың үздік ұстазы», «Үздік жас маман», «Жылдың үздік студенті» анықталды.

 Сондай-ақ, «Қазақстанның Құрметті Педагогтары» іріктеліп, еліміз бойынша бұл төсбелгіге 13 адам лайық деп танылған. Жалпы марапатқа 80-ге жуық ұстаз ұсынылған.  

Қатысушалар арасында М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы Мая Инамжанова республикалық байқауда жеңімпаз атанды.

Білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Қазақстанның құрметті педагогы» төсбелгісі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз.

 Фотоx

 

 

 

 

 

 «Экономика және құқық» факультеті

 

Прочитано 1248 раз
Top