Ақтау қаласында өткен Қазақстан чемпионатында Дулати университеті «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» кафедрасының студенті Ғалымжан Қырықбай - ересектер арасындағы дзюдодан қола жүлдегер атанды.
Жарысқа еліміздің әр аймағынан 176 ер мен 105 әйел қатысты. Соның ішінде облысымыздың атынан спортшылар бақ сынаған болатын.
Жамбыл ұлттық құрама командасын есебінде екі медаль қанжығамызға байлады. Данияр Шамшиев 66 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль иесленсе, Ғалымжан Қырықбай қола жүлдегер атанды.
- Ғалымжан Қырықбай 100 кг дәрежелі салмақта өнер көрсетті. Ол төрт кездесу өткізді, - дейді дзюдодан ҚР ұлттық құрамасының жаттықтырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі кафедрасының оқытушысы Ғалым Жылгелдиев.
Жеңімпазымыз үшінші кездесуінде Қарағанды облысының спортшысын жеңіп, қола жүлдегер атанды.
Медиа-қызмет