ТӘЛІМГЕ ТОЛЫ ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ

«Философия және саясаттану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Дулати университеті студентері Қазақстанның танымал журналисі, блогер Өркен Кенжебекпен кездесуі өтті.

Тәрбиелік іс-шараның мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер. Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары, Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» тақырыбында әңгіме жүргізу.

Іс-шараға 50-ге жуық студент пен оқытушылар қатысты.

Блогер Өркен Кенжебек өз сөзін «Туған жер» тақырыбынан бастады. Көне Тараз қаласының ерекшелігі туралы айтып, өзінің соңғы алты жылда 40 мемлекетте болған туристік сапары туралы ойымен бөлісті.

Сонымен бірге блогер Өркен Кенжебектің «Саяхат дегеніміз – білім. Өйткені саяхаттау арқылы тек шет елді ғана көрмейсің, сол елдің мәдениетімен, тұрмыс-салтымен танысасың, салыстырасың яғни танып білесің. Сондықтан да мүмкіндік болса, әрине ел көрген, жер көрген ол жақсы ғой. Біздің халқымызда білім де бар, тәрбие де бар, бірақ соны біз одан әрі жетілдіруіміз қажет» деп білімгерлерге ақылын айты.

Жиын соңында студенттер блогерге сұрақтарын қойып, қанағаттанарлықтай жауап алды.

Зағипа Алтынбекова

«Философия және саясаттану» кафедрасының

аға оқытушысы

Прочитано 1405 раз
Top