ЗАҢНАМАЛАРДЫ ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА ТІКЕЛЕЙ ЭФИРЛЕР ӨТТІ

Тараз қаласы прокурорының көмекшісі Перизат Запаровнаның және кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторы Асель Сматайдың қатысуымен «ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Заңы», «ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы», «ҚР көші-қон туралы Заңы», «ҚР кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы туралы заңы», «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңы» мен заңнамаларды түсіндіру мақсатында тікелей эфирлер өтті, ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылған тікелей байланысқа 1,2 курс студенттері қатысты.

 

 

 

Әлеуметтік және тәрбие департаменті тарапынан әрдайым құқықбұзушылық профилактикасын жүргізу мақсатында «Жастар арасында құқықбұзушылықты болдырмау» тақырыбында әлеуметтік-сауалнамалар өткізуде. Атап айтсақ: қараша айында  мақсатындағы әлеуметтік сауалнамаға 778 студент қатысып, оның нәтижесіне сәйкес студенттермен арнайы жеке-дара жұмыстары жүргізілуде.

 

 

 

Прочитано 1232 раз
Top